Рейд: Түркістан облысында 50-ге тарта құқықбұзушылық анықталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылдың 17 мамыры мен 16 маусымы аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында өңірдің тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтап, облыс жолдарында апаттылықты төмендетуді көздеді.

Тәртіп сақшылары Отырар ауданы аумағында «Қауіпсіз жол» іс-шарасының бір тәулігінде тәртіп сақшылары 50 жол ережесін бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 9 жүргізуші, қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін -3, техникалық байқаудан өтпегені үшін - 7 және белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен бойынша - 25 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса тәртіп сақшылары жаяу жүргінші жолағында жаяу жүргіншіге жол бермеу қағидатын бұзғаны үшін 1 азаматқа әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды. Мәселен, осындай жедел профилактикалық іс-шара барысында Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғыны өзінің басқаруындағы «Ваз-21072» маркалы көлігінің алдыңғы терезелерін күңгірттеп алып басқарып жүргені анықталды. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.


Соңғы жаңалықтар