«Ревакцинациядан кейін адамдар «омикрон» штамын жұқтырады» - фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кейбір әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан өтпеуге шақырған хабарламалар таратылуда. Айтылуынша, бустерлік вакцина алғандардың барлығы SARS-CoV-2 коронавирусының «омикрон» нұсқасын жұқтырады. ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл мәлімдеме толығымен негізсіз және ғылыми мәліметтерге қайшы келеді.

COVID-19-ға қарсы ревакцинация, қазіргі мәліметтерге сәйкес, «омикрон» нұсқасын жұқтыруға ықпал етпейді, керісінше одан және аурудың ауыр ағымынан қорғайды.
АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) зерттеуіне сәйкес, Pfizer-BioNtech және Moderna вакциналарының бустерлік дозалары науқасты ауруханаға жатқызбау тұрғысынан 90% тиімді және жағдайлардың 82% сырқаттың ауыр түрінің дамуына жол бермейді.
CDC мәліметтері бойынша, 50 жастан асқан егілмеген адамдар үшін COVID-19 жұқтырған жағдайда ауруханаға жатқызу ықтималдығы вакциналанған және ревакциналанған адамдарға қарағанда 45 есе жоғары.
Pfizer және BioNTech компаниялары 2021 жылғы желтоқсан айында жүргізген зертханалық зерттеулерде вакцинаның бустерлік дозасы коронавирустың «омикрон» нұсқасын жұқтырудың ауыр түрімен аурудың, ауруханаға жатқызу мен ауру салдарынан болатын өлімді болдырмауда аса тиімді екендігі көрсетілген.
«Ревакциналанған адамдар «омикронды» жұқтыратынын растайтын дәлелдер жоқ.
Демек, бұл туралы ақпарат толығымен негізсіз және зерттеу нәтижелеріне қайшы келеді», - делінген сайтта.


Соңғы жаңалықтар