Ревакцинация үшін Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
2022 жылғы 17 мамыр 16:44

Ревакцинация үшін Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 миллионнан астам дозасы қалған. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавиурс инфекциясының ел аумағында таралуына жол бермес үшін 2022 жылы 3,5 млн доза вакцина сатып алынған (Sinopharm – 2 млн, QazVac – 1,5 млн доза). Оның ішінде өңірлерге 2,9 млн доза жөнелтілген. Сондай-ақ, бірыңғай дистрибьютордың қоймасында 594 мың доза сақтаулы тұр. Осының бәрін ескерсек, қазір өңірлерде QazVac, Комирнати, CoronaVac, Sinopharm, Hayat екпелерінің 4,1 миллионнан астам дозасы қалған», - деп жазылған ведомствоның ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Министрліктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өңірлерге «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы ақысыз негізде жолданған.

«Сонымен қатар, ВАК-тың 27 сәуірдегі қаулысы бойынша жыл аяғына дейін вакциналауға жататын халықтың 75 пайызын екпемен қамтамасыз ету үшін «Комирнати» екпесінің 500 мың дозасын және QazVac вакцинасының 1 млн дозасын сатып алу көзделген», - деп жазылған жауапта.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда Pfizer вакцинасын 839 432 жасөспірім салдырды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT