Ревакцинация коронавирус жұқтыру ықтималдығын 11 есе төмендетеді - зерттеу

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы №15 емханасының педиатр-дәрігері Мөлдір Әкімжан өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер брифинг барысында, ревакцинацияға қатысты халықаралық тәжірибені мысалға келтірді.

«Израиль – халық екпе салып, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырған алғашқы елдердің бірі. Алайда, жазда жаңа «дельта» нұсқасының пайда болуымен адамдар қайтадан жұқтыра бастады. Содан кейін ғалымдар мен дәрігерлер вакцинаның екінші дозасынан кейін 6 айдан кейін иммунитет анағұрлым жұқпалы «дельта» нұсқасының пайда болуы аясында айтарлықтай төмендегенін анықтады. Нәтижесінде Израиль ревакцинация туралы шешім қабылдады», - деді педиатр.
Сонымен қатар, ол ревакцинация аясында Израильде жүргізілген зерттеу деректерімен бөлісті.
«Зерттеуге 60 жастан асқан 1 млн астам адам қатысты. Олардың барлығы вакцинаның екі компонентін 2021 жылдың 1 наурызына дейін алған. Кейін олардың барлығы қайта вакциналанды. Үшінші екпе КВИ қайта жұқтыру ықтималдығын 11 есеге, ал ауыр ағымды 15 есеге төмендеткені анықталды», - деді Мөлдір Әкімжан.
Дәрігер барлық алматылықтарға КВИ вакцинасының екі компонентін де алуға, ал екпені толық алғандарға ревакцинациядан уақытылы өтуге кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар