Ревакцинация бірінші кезекте кімдерге жасалады: Қаулы шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігерінің халыққа ревакцинация жасау туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізу туралы қаулысы жарияланды.

Құжатта КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жататын халықтың тәуекел топтары көрсетілген. Олар:

1) медицина қызметкерлері;

2) педагогтер;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті;

5) 60 жастан асқан адамдар;

6) Бұған дейін КВИ-ге қарсы вакцина алса да, иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы);

7) өз бетінше тексерілу нәтижесінде ағзасында КВИ-ге қарсы антидене жоқ екені анықталған адамдар.


Соңғы жаңалықтар