+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Реттік нөмірім – 10: Ержан Максим өзіне дауыс беруге шақырды

2019 жылғы 24 қараша 10:31
Бөлісіңіз:
Реттік нөмірім – 10: Ержан Максим өзіне дауыс беруге шақырды

ГЛИВИЦЕ. ҚазАқпарат – Польшаның Гливице қаласында өтетін «Junior Eurovision-2019» ән байқауында ел намысын қорғайтын Ержан Максим өзіне дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ержан Максим мен ұлыбританиялықтар Лондоннан видео жолдады Ержан Максим Бакуде өнерімен көрермендерді тамсандырды «Хабар» агенттігі Junior Eurovision жүлдегері Ержан Максимге сыйлық жасады

«Дауыс беру басталды. Достар, жексенбі, 24 қараша күні, сағат 21:00-ге дейін, яғни концерт басталғанша online дауыс беру жалғасады. Ал қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін 15 минутқа қайта ашылады. Менің реттік нөмірім - 10! Дәл қазір БИО-дағы сілтемеге өтіп, дауыс бере аласыздар», - деп жазды әнші Instagram-парақшада. ⠀

Ал «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында Е.Максим өзіне сенімді екенін айтты.

«Басты дайындықтар жақсы өтіп жатыр. Қобалжу жоқ. Шынымды айтсам, өзіме сенімдімін. Құрметті көрермендерім, қазақстандықтар, мен үшін дауыс беріңіздер. Дауыс беру junioreurovision.tv сайтында жүріп жатыр. Қарсыластарға келсек, Украина, Аустралиядан келген қатысушылардың дауыстары жақсы. Жалпы, барлық үміткерлер мықты», - деді ол.

Сондай-ақ ол күніне 5-6 сағаттан дайындалатынын жеткізді.

Байрақты байқаудың шырқау шегі жақындаған сайын қобалжу мен толқу үдей түсуде. Осы күндері Гливицеде Ержанның жанында жүрген анасы Гүлмира Әлібек те алаңдаулы. Ол бірнеше күн көз ілмей, уайымдаумен келеді.

«Экран алдында әрине өзінің қобалжып, уайымдап күтіп отырған ата-әжесі бар. Тума-туыстарымыз бар, ағайындарымыз, Қызылордадан шағашыларымыз бар. Ондағы өзінің нағашы әжесі бар. Барша қазақ халқы бар. Ресейліктердің көбісі: «Біз Ержанға дауыс береміз, ол бізге ұнайды, қолдау білдіреміз»,деп жазады», - дейді Гүлмира Әлібек

Телеарнаның хабарлауынша, дайындық барысында жас дарынымыз жергілікті гливицелік тұрғындар арасында жанкүйерлер тауып та үлгерген. Қазақтың қарапайым баласының өнеріне тәнті болған поляктар Ержан Максимге міндетті түрде дауыс беретіндерін айтуда.

«Junior Eurovision шарттары бойынша өз еліңнің қатысушысына да дауыс беруге болады. Бірақ менің бүйрегім Польшаға емес, басқа елдерге бұрып тұр. Мен Албанияға, Арменияға және әлбетте Қазақстанға дауыс бергім келеді. Өзіме Ержан Максимнің әні өте ұнайды. Маған арнап жазылған сияқты. Өйткені менің асқақ армандарым көп. Солардың бірі көп тіл біліп, әлемді шарлау. Қазақ тілін үйреніп, Нұр-Сұлтан қаласына баруды қалаймын», - дейді волонтер Мария Краевска.

Айта кетейік, «Хабар» агенттігі 24 қараша күні сағат 21.00-де басталатын байқауды тікелей эфирден көрсетеді.

Еске салайық, оралдық Е.Максим «Junior Eurovision»-ға арнап «Арманыңнан қалма» әніне бейнебаян түсірді. Оның режиссері - Александр Фломбойм, продюсері - Сергей Руцкий. Әннің авторлары - Хамит Шанғалиев, Данияр Алдабергенов және Тимур Балымбетов.

15 қараша күні Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында Ержан сахнаға нешінші нөмірмен шыққысы келетінін айтты. Жеребе тарту кезінде оған 10-ыншы нөмір түсті.

«Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожиннің сөзінше, биыл байқауға негізінен Еуропалық одақ елдерінің өкілдері қатысады. Әзербайжан мен Түркия өз кандидаттарын ұсынбағандықтан, Ержан бүкіл түркі әлемнің атынан өнер көрсететін болады.

18 қараша күні Ержан Алматы әуежайынан Польшаға ұшып шықты. Оны туысқандары мен жанкүйерлер шығарып салды.

19 елден қатысып жатқан үміткерлер үшін дауыс беру қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түні сағат 01.00-де басталды. Қазақстандықтар әлемнің қай түкпірінде жүрсе де өз отандасына дауыс бере алады. Ол үшін Junior Eurovision сайтына кіріп, тізімнен Ержанмен қатар тағы 2 қатысушыны таңдау қажет. Кейін «Дауысты қабылдау»/ «Дауыс беру» түймешегін басу керек. Айта кетейік, онлайн-дауыс беру 24 қараша күні сағат 21.00-де басталатын гала-концерт алдында уақытша жабылады. Одан соң 15 минутқа қайта ашылып, тағы бір мәрте дауыс беру мүмкіндігі беріледі.

«Junior Eurovision» алғаш рет 2003 жылы Данияның Копенгаген қаласында өтті. Биылғы байқауға 19 елден өрендер қатысады. Ал Қазақстан байрақты бәсекеге алғаш рет 2018 жылы Минскіде (Беларусь) қатысты. Еліміз атынан «Өзіңе сен» әнімен Данэлия Төлешова өнер көрсетіп, алтыншы орынға ие болды. Бас жүлде польшалық Роксанна Венгельге бұйырды. Екінші орынды Франция әншісі Ангелина, үшінші орынды австралиялық Джаэль Уена жеңіп алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT