Respubliсa: Қазақстанда тағы бір партия тіркелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда тағы бір партия тіркелді. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда «Байтақ», содан кейін «Республика» партиясы тіркелді. Яғни, ресми түрде екі партия тіркеліп отыр. Басқа партиялармен жұмыс істеліп жатыр. Олар бірінші сатыдан әлі өткен жоқ. Себептері бұрынғыдай. Тапсырған құжаттары заңға сәйкес келмейді. Олар толыққанды тіркелген, барлық саяси партиялар сияқты толыққанды құқықтары бар партиялар саналады», - деді Қанат Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, аталған екі партияның құжаттары тексеру барысында бірнеше рет кері қайтарылған.

«Олар қайтарылған құжаттардағы кемшіліктерді жойып, тіркеуден өтіп отыр», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар