Республиканың оңтүстік және батыс облыстарында егін орағы жұмыстары басталды

None
None
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Республиканың оңтүстік және батыс облыстарында егін орағы жұмыстары басталды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісі барысында аталған ведомствоның Жер шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті.

Аталған өңірлердегі егістік алқабының 2,3 миллион гектар құрайтындығын атап өткен департамент директоры «қазіргі уақытта 417 мың гектар дәнді дақылдар жиналды. Аталған көрсеткіш егістік алқабының 29 пайызын құрайды. Нәтижесінде 570 мың тонна астық бастырылды. Астық түсімі гектарына 13,7 центнерді құрап отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,8 центнерге кем», деді.

Облыстардың алдына ала берген мәліметтеріне сүйенген оның айтуынша, республикадағы егістік алқабының жалпы көлемі 15,6 миллион гектарды құрайды. Яғни ағымдағы жылғы егістік көлемі өткен жылға қарағанда 1 миллион гектарға кем себілген.

Сондай-ақ А.Буць өз сөзінде шілде айының екінші жартысында еліміздің астықты аудандарына түскен жауын-шашын егін шығымына біршама әсер еткендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар