Республикалық жолдардың бойына жануарлардың макеті орналастырылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық жолдардың бойына жануарлардың макеті орналастырылды, деп хабарлайды Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы QazAvtoJol баспасөз қызметі.

Автокөліктер жануарларды қағып кету оқиғасы жиі тіркелген республикалық автотрассалардың учаскелерінде жануарлардың макеттері орнатылды. Биыл бұл жұмыс Павлодар және Қостанай өңірлерінде орналасқан республикалық тас жолдарда алғаш рет қолға алынып, қауіпті учаскелерде 40-қа жуық жаңа макеттер қойылды.

Ескерту макеттері түнгі уақытта және ауа райы қолайсыз болғанда анық көрінуі үшін оларға жарық шағылыстыратын арнайы элементтер жабыстырылады. Бұл жолға назар аудару қажеттігін еске салудың, қауіпті учаскелердегі жылдамдықты төмендетудің тиімді тәсілі.
Жануарлардың макеттері осыған дейін Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының республикалық жолдарының бойына орнатылған болатын.



Соңғы жаңалықтар