+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Республикалық жолдардың 482 учаскесін су басу қаупі бар

2021 жылғы 23 ақпан 11:32
Бөлісіңіз:
Республикалық жолдардың 482 учаскесін су басу қаупі бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық жолдардағы 482 учаскені су басу қаупі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін не істеліп жатыр Асқар Мамин су тасқыны қаупі туралы халықты уақытылы хабардар етуді тапсырды Қарағанды облысында 174 елді мекенді көктемде су басуы мүмкін

«Республикалық маңызы бар автожолдарды дайындау бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Орталық және аймақтық деңгейде жол қызметі өкілдерінен комиссиялар құрылды. Қазіргі таңда республикалық жолдардың ұзындығы 25 мың шақырым. 1 298 көпір және 15 070 су өткізу құбыры бар. Оның ішінде 482 қауіпті учаске, 739 құбыр және 59 көпір бақылауға алынды. 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Автожолдар мен жолдардағы ғимараттар бақылауға алынды», - деді министр.

Оның айтуынша, су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін қазіргі таңда қажетті материалдар 100 пайыз дайындалды. Су өткізу құбырларының тесіктерін және көпір астындағы арналарды қардан тазарту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, реконструкциялау және күрделі жөндеу барысында автожолдардың су тасқыны қаупі бар учаскелерінде саңылаулардың диаметрі мен су өткізу құбырларының саны ұлғайтылады. Үйіндінің биіктігін арттыру және тағы басқа шаралар есебінен тасқын сулардың өткізу қабілетін арттыру үшін көпірлер мен су өткізу құбырлары қосымша орнатылады.

«Жалпы су тасқынына қарсы шараларды орындау барысында өңірлердің ауа-райы жағдайы, сондай-ақ өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелері ескеріледі. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаражатпен атқарылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT