Республикалық жолдардағы 672 421 метр жарықшалар жойылады - Қазавтожол

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар жолдардағы 672 421 метр болатын жарықшаларды жою жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазавтожол» компаниясының мәліметінше, жол бетіндегі жарықшалар уақыт өте келе жол төселімінің барлық қабаттарын бұзып, жолдағы шағын шұңқырларға немесе жол жамылғысын толығымен ауыстыруды қажет ететін шұңқырлардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

«Жарықшаларды құю – жол сапасын жақсартудың заманауи әдісі, ол жол жамылғысын пайдалану мерзімін күрделі жөндеу жұмыстарынсыз 5-7 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Шұңқырларды құю процесі асфальт-бетон жамылғысының тұтастығын қалпына келтіру процесі деп те аталады.

Жолдағы жарықшаларды құю технологиясы үш кезеңге негізделген: жарықшақтың қабырғаларын механикалық тазарту, оның бетін кептіру және жарышаны арнайы герметикалық материалмен тығыздап толтыру», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бүгінгі таңда «Қазақавтожол» республикалық маңызы бар жолдардың 437 873 метр болатын жарықшаларын жойып үлгерген.


Соңғы жаңалықтар