Республикалық жолдарда салынатын сервистік нысандардың типтік жобасы бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QazAvtoJol компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орналасатын сервистік нысандардың типтік жобасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«QazAvtoJol компаниясы жол бойындағы сервис нысанын салудың типтік жобасын, нақтырақ айтқанда осы жобаның «А» санатын бекітті. Бұл жобамен QazAvtoJol сайтынан таныса аласыз. «А» санатынан бөлек «B», «C», «D» санатындағы нысандардың жобасы бар», - деді Рүстем Исаев «QazAvtoJol» комнаниясының Instagram-парақшасында тікелей эфирде сөйлеген сөзінде.

Рүстем Исаев жол бойындағы нысандардың бұлай бөлінуінің мәнін түсіндірді.

«Жол бойындағы сервис нысандары төрт санатқа бөлінеді. «А» санатына жататындар – ең ауқымды әрі көпфункционалды кешен. Ол санаттағы кешенде жанар-жағармай бекеті, дәмхана, бөлшектік сауда пункті, ақылы тұрақ пен ойын-сауық орталығы болады.

«B» санатына жататын сервистер – одан сәл кішірек, алайда ол да көпфункционалды кешен.

«C» санаты дегеніміз – дәмханасы бар.

Ал «D» санаты барлар – жанар-жағармай бекеті бар сервис», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар