Республикалық трассаларда проекциялық жолақтар пайда болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық тасжолдарда проекциялық жолақтар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру аясында Қарағанды және Ұлытау өңірлерінде төрт жаңа проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған.

Мәселен, олар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 912 шақырымы Қарабас кентінде, «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 102 шақырымында Нұра кентінің ішінде және «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолының 22 шақырымында Сәтбаев қаласының маңында қолданысқа берілген.

Проекция жылдың төрт мезгілінде, ауа райы қолайсыз болса да (қар, жаңбыр, көктайғақ) айқын көрінеді.

Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер түнгі уақытта да жолда ақ-сары жаяу жүргіншілер жолағын 150 метр жерден анық көре алады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай проекциялық жолақтар бұған дейін Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының республикалық тасжолдарында орнатылды.

Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар