Республикалық протез-ортопедия орталығына жүгінетіндердің 60% - балалар мен жасөспірімдер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда мүгедектікке көбіне балалар мен жасөспірімдер ұшырайды. Бұл туралы Республикалық протез-ортопедия орталығының президенті Николай Петров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Николай Петровтың мәліметінше, мекеменің стационарларында 225 орын бар. Жалпы орталыққа 50 497 мүгедек тіркелген, оның басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер.

«Бізге көбіне жастар мен балалар келеді. Қазір адамдардың басым бөлігі қан тамырлары сырқаттарымен ауырады. Қант диабетіне шалдыққандар да аз емес. Бізде жасалған протездердің 90% - балаларға арналған аяқ киім. Осыған қарап жүрегім аурады. Бізде жасқа шектеу жоқ, 7 айлық балалар да бар. Науқастардың диагнозы әртүрлі. Өткен жылы орталықтың қызметіне жүгінген адамдардың 60% 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөсіпірімдер болды», - дейді ол.

Сонымен қатар, Н.Петров орталықтың шағын шеберханадан заманауи кәсіпорынға айналғанын айтты.

«Мекеме 1929 жылы Мәскеудегі Семашко атындағы Мемлекеттік орталық протез зауытының құрамына кіретін Алматы протез шеберханасы ретінде құрылды. Жылына 30 мыңнан астам ортопедия бұйымын шығарамыз. Оның 60-тан астамы аяқ-қол протезінің модификациясы, 112-сі ортопедиялық аяқ киімнің барлық маусымына арналған модификациясы және тағы басқалары. Біздің мекеме Қазақстанда өндірілетін протездеу бұйымдарының жалпы көлемінің 74% жуығын және мамандандырылған ортопедиялық аяқ киімнің, ортопедиялық ұлтарақтың 91% шығарады», - деді орталық президенті.

Республикалық протез-ортопедия орталығы мүгедектігі және тірек-қимыл жүйесінде кемістігі бар тұлғаларға медициналық-оңалту көмегін көрсетеді. Қазір еліміздің 7 қаласында орталықтың филиалдары жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар