Республикалық маңызы бар тасжолдардың әлі 29 бөлігі жабық

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы жолдардың ахуалына қатысты мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сағат 21.45-тегі ақпаратқа сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 29 учаскесі әлі де жабық. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай және Павлодар облыстарындағы тасжолдарда қозғалысқа енгізілген шектеу сақталды», - делінген ведомство жазбасында.

Тасжолдарды қардан тазалауға 400-ден астам арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар