Республикалық маңыздағы жолдардың 11 мың шақырымы ақылы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автомобиль жолдарында ақылы жол жүйесі енгізіледі. Бұл туралы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына арналған Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақылы жол жүйесін енгізу және қызмет көрсету» жобасы бойынша тоқталсақ, жоба аясында республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автомобиль жолдарында ақылы жол жүйесін енгізу көзделген. Қазіргі уақытта 2 сатылы конкурс жариялау үшін техникалық тапсырма әзірлеудеміз. Мамыр-қараша айлары аралығында конкурстық рәсімдер өткізілетін болады, шарт жасасу желтоқсан айына жоспарланған», - деді министр.

Бұдан бөлек Р. Скляр «Алматы стансасын айналып өтетін 73,2 шақырымдық теміржол желісінің құрылысы» жобасына тоқталды. Бүгінгі таңда байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Біліктілік іріктеуінен 2 Қазақстан-Қытай бірлескен консорциумы өтті. Қазіргі уақытта жеке серіктесті анықтау үшін байқаудың екінші кезеңін өткізуге конкурстық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Келісімшартқа қол қою биыл қараша айына жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2020-2022 жылдар аралығында жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар