Республикалық маңыздағы бірқатар жолда көлік қозғалысы жанданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі республикалық маңыздағы бірқатар жолда көлік қозғалысы жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақмола облсында сағат 12:00-ден «Нұр-Сұлтан-Петропавл» жолының 18-231 шақырымындағы елорда мен Щучинск арылығында қозғалыс ашылды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналында.
Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 536-593 шақырымындағы Айша бибі кенті мен Түркістан облысының шекарасы аралығында көлік қозғалысы жанданды.
Тараз-Шымкент аралығында автокөлік қозғалысы қалпына келтірілді.
Түркістан облысында таңертең «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-654 шақырымындағы Жамбыл облысы шекарасы мен Машат ауылы учаскесі ашылды.
Қызылорда облысы аумағындағы «Самара-Шымкент» жолының 1912-2057 шақырымындағы Бәйгеқұм мен Түркістан облысы шекарасы, сондай-ақ аталған автожолдың Түркістан облысы аумағындағы 2057-2175 шақырымы арасында қозғалыс жанданды.
- Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысы шектелді
- Елордада Қарағанды бағытындағы жолы жабылды
- Батыс Қазақстанда қатты боранға байланысты республикалық жол жабылды
- Елімізге шет елдерден ПТР анықтамасынсыз 984 жолаушы ұшып келген
-
Аршалы маңында 600 көліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болған
-
Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам