Республикалық маңыздағы 26 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық маңыздағы 26 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

«4 наурыз сағат 01:20-дағы ақпаратқа сәйкес еліміздің 9 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 26 учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар өңірлерінде республикалық тасжолдар жабық», - деп жазды ведомстводан.

Жол қозғалысына шектеу енгізілген тасжолдар туралы қосымша ақпарат алу үшін мынау сілтемеге өту қажет.

Соңғы жаңалықтар