Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Жер мәселелері жөніндегі комиссиясы жерді жалға беруді 5 жылға дейін мораторийді созу туралы сұрақты талқыламақ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылғы министрі Асқар Мырзахметов комиссия жұмысының регламентін бекіту кезінде мәлім етті.

«Өңірлердегі қоғамдық кеңестердің отырысында сөз етілген азаматтарымыздың ұсынысын ескере отырып, бүгінгі күні комиссия алдында мынадай ұсынысты айтқымыз келеді. Осылардың негізінде қабылданған мораторий мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс жасау.  Сол мораторий мерзімі созылғаннан кейін, егер де осындай шешім қабылданатын болса, жаңағы айтқандай, тиісті дерек қорын қалыптастырып, кейбір туындап отырған сұрақтарға нақты, дәлелді жауап беруге мүмкіндік туады», - деді ол.

Оның атап өткеніндей, бүгінгі күнге дейін Астанада 4 отырыс , өңірлерде 4 отырыс өткен. Комиссияның отырыстарында және өңірлердегі талқылауда негізгі жұмыс 2 бағытта жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар