Республикалық дебат турнирінде көкшетаулықтар топ жарды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық дабатшылар республикалық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, республикалық 6-шы турнирді «Жастар жылы» шеңберінде Батыс Қазақстан облысының жастар істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Жас экономист» жастардың қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.
Шараның мақсаты – студент жастардың бойынша отансүйгіштік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігі мен Мемлекеттік рәміздерге құрметін қалыптасыру.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған пікірсайысшылар қатысты. Оның ішінде орыс лигасында Актөбе, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Қызылорда, Атырау қалаларынан жиналған 16 команда өзара сайысты. Қатысушылар американдық парламент, британдық парламент және линкольн-дуглас сияқты әр түрлі форматта өнер көрсетті. Пікірсайысшылар жемқорлықты жою, туризмді дамыту, киберспорттық білім беру, Еріктілер жылы ұйымдастыру механизмі сияқты тақырыптарды қаузады.
«Турнирге Ақмола облысы атынан Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Сая Сейпілова, Самалгүл Баймұхаметова және Мәдина Айтенова қатысып, бақ сынады. Көкшетаулық пікірсайысшылар жоғары деңгей көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша орыс лигасында 1-ші орын алды. Оның ішінде Сая Сейпілова «Үздік спикер» аталымы бойынша марапаталды», -дейді ведомстводан.
- Қазақтың асар дәстүрін заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет-Мемлекет басшысы
- Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік жұмыстардың негізгі бағыттарын атады
- Қазақстандықтар аптасына кем дегенде 2 сағатын волонтерлікке арнауы тиіс – Тоқаев
- Қаңтардан бастап студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі
-
Мемлекет басшысы жастар арасында ажырасудың көптігіне алаңдаушылық танытты
-
Жол апатында адам өлімін қалай азайтуға болады – Оңтүстік Корея тәжірибесі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам