Республикалық бюджеттің шығысы 99,6 пайызға орындалды - О.Өксікбаев

None
None
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Біз республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуына жалпы алғанда оң баға береміз.

Өйткені республикалық бюджеттің шығысы 99,6 пайызға орындалды. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш», - дейді Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев. Бұл туралы ол бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сонымен бірге Есеп комитетінің талдау-бақылау іс-шараларының қортындылары  бюджет қаражатын пайдаланудың және мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділік деңгейін төмендететін елеулі кемшіліктердің бар екендігін көрсетеді. Дағдарыс жағдайы мен елдің қаржы секторына және бизнес құрылымдарына сыртқы рыноктардың жабық болуы айналым қаражатының белгілі бір дәрежедегі тапшылығын құрады», - деді комитет төрағасы.

Соңғы жаңалықтар