+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Республикалық бюджеттің шығыстары 99,1% атқарылды – Қаржы министрлігі

2020 жылғы 11 тамыз 11:15
Бөлісіңіз:
Республикалық бюджеттің шығыстары 99,1% атқарылды – Қаржы министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн 136 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылу жайында есеп берген ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кентаудағы цех айына 500 жиһаз шығарады Қызылордада шағын кәсіпкерлік нысандарының саны артты Экономикамыз қарыштап дамитынына сенімім зор – Шет ауданы әкімінің орынбасары Жолдау туралы

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,1 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5 пайызға атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн 136 млрд теңгені құрады. 74 млрд теңгеге атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 13 млрд теңге, игерілмегені – 61 млрд теңге», - деді министр Үкімет отырысында.

Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасау рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, карантиндік шектеуге байланысты тауарларды жеткізбеу.

Қаржы министрінің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 4 трлн 172 млрд теңгені құрады, 62 млрд теңгеге атқарылмаған.

«Биыл өңірлерге сомасы 2,3 трлн теңгеге нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала деректер бойынша 1 тамыздағы кезеңде оларға 1,1 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 98,3 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 19 млрд теңге. Оның ішінде үнемдеу – 4 млрд теңге, игерілмегені – 15 млрд теңге», - деп түсіндірді Е. Жамаубаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT