Республикалық бюджеттің кірістері 102 пайызға орындалды - Әлихан Смайылов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық бюджеттің кірістері 102 пайызға орындалды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын талқылау кезінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бюджетті атқару бағытына тоқталсақ, оның кірістері 107 пайызға орындалып, 7,5 трлн теңгені құрады. Жоспар 494 млрд теңгеге асыра орындалды», - деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, Республикалық бюджеттің кірістері 102 пайызға, ал жергілікті бюджеттердің кірістері 119 пайызға орындалды.

Айта кетейік, Президент көтерме-тарату орталықтары желілерін іске қосу жұмыстарын сынады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент каптиталды қайтаруға бағытталған шараларды жедел қабылдау керек екенін тапсырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірлерде қаражаттың игерілуіне қатысты пікір айтты.


Фото: t.me/KZgovernment

Соңғы жаңалықтар