Республикалық бюджетке түскен салық мөлшері 1,5 есеге өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,4% орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жоспар 11 316,8 млрд теңгеге белгіленіп, 382 млрд теңгеге асыра орындаумен 11 698,8 млрд теңге түскен. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе немесе 3 400,2 млрд теңгеге өскенін көрсетеді.

«Мұның ішінде республикалық бюджет 101,1% орындалды, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 518,5 млрд теңгеге өсті. Жергілікті бюджет 108,5% орындалды былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 30,8% немесе 881,7 млрд теңгеге өсті», - деп жазды ведомтводан.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті: 2022 жылы 10 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 46,9%, мырышқа 21,9%, алюминийге 13,9% және алтынға 0,6% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 43,1%-ға өсті.

«Ағымдағы жылғы 10 айда үшінші елдермен тауар айналымы 43,6%-ға өсті (экспорт 48,3%-ға, импорт 32,5%-ға өсті). Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда жыл басынан бергі өткізу бойынша айналым 22 %-ға ұлғайды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар