Республикалық бюджет кірісі қандай көлемде артады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болжам 2017 жылғы жалпы ішкі өнімнің есептік статистикалық деректері мен экономика саларының осы жылдың 7 айының қорытындылары және әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайы негізінде жасалды. 2019 жылы мұнай бағасы Әлемдік қаржы ұйымдарының консенсус-болжамы бір баррельге 66,7 АҚШ долларын құрайды. Осыны ескере отырып, базалық сценарийде мұнайдың бағасы 60 АҚШ доллары алынды», - деп тоқталды Т. Сүлейменов.

Оның атап өтуінше, Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2019 жылы 3,9 пайызды, ал 2023 жылы 4,6 пайызға дейін болжанады. ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі алдағы болжанатын кезеңде 4,2 пайызды құрайды.

«2019 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 64,1 триллион теңгеден 2023 жылы 86,9 триллион теңгеге дейін өседі. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2019 жылы 9,9 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылы ол 12,9 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды», - деп нақтылады ведомство басшысы.

Орта мерзімді перспективада экономика өсімінің негізгі факторлары өңдеу және агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустрия, көлік-логистика салалары және сервистік экономика болады.

Белгілі болғанда, мұнай өндіру көлемі 2019 жылғы 88 миллион тоннадан 2023 жылы 99 миллион тоннаға дейін өседі.

«Экспорт көлемі 2019 жылы 56,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2023 жылы 68,5 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Импорт 2019 жылы 34,8 миллиард АҚШ долларынан 2023 жылы 41,9 миллиард АҚШ долларына дейін өседі», - деді ол.

Таратылған мәліметтерге қарғанда, республикалық бюджет кірісі (трансферттерді қоспағанда) 2019 жылы 6 трл 810 миллиард теңге, 2020 жылы - 7 трлн 382 миллиард теңге, 2021 жылы - 8 трлн 25 миллиард тенге көлемінде болжануда.

Атап айтқанда, 2019 жылы бюджет тапшылығы 2018 жылдың деңгейінде, жалпы ішкі өнімге қарағанда 1,5 пайызға жоспарланған. Ал 2020 жылы 1,4 пайызға және 2021 жылы 1,3 пайызға дейін төмендейді.

Сонымен қатар, республикалық бюджет шығыстарының болжамы 2019 жылы 10 трлн 697 миллиард теңге, 2020 жылы - 11 трлн 81 миллиард теңге, 2021 жылы 11 трлн 428 миллиард теңге көлемінде айқындалды.

Осыған дейін базалық ставканың жаңа деңгейі теңге активтеріне сұранысты арттыратындығы айтылды.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы теңгенің айырбас бағамына қатысты тәуекелдер туралы айтты. 

Соңғы жаңалықтар