Республикалық бюджет есебінен 200-ге жуық кітап жарық көрді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы аясында 2022 жылы басылып шыққан жалпы әдебиеттер тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық» НҚА порталына орналастырылған тізімге сәйкес, былтыр 188 кітап басылып шыққан. Олардың басым бөлігі қазақ тілінде жарық көрген. Бағдарлама аясында мына кітаптар оқырманға жол тартты:

- Әлия Дәулетбаева. Алматыдан алыста

- Қанат Әбілқайыр. Жылан кегі

- Маралтай Райымбекұлы. Аруана (поэма)

- Бауыржан Қарабеков. Өмірімнің өрнегі

- Салтанат Минайхан. Жеңілмейтін махаббат

- Бауыржан Әліқожа. Ақтүн

- Үміт Битенова. Балабақшадан басталған

- Мейірхан Ақдәулетұлы. «Таңдамалы». 1-том;

- Ахат Жақсыбаев. Иса Ақын. І кітап

- Серік Нұғыман. Асыл қиқым.

Туындылардың толық тізімін мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.


Соңғы жаңалықтар