Республикалық бюджет бойынша 142,6 млрд. теңге игерілмеді - Б. Жәмішев

None
None
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ағымдағы жылғы қазанның 1-індегі жағдай бойынша, бюджет қаражатының игерілмеу сомасы республикалық бюджет бойынша 142,6 млрд. теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Б. Жәмішевтің айтуынша, оның  ішінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша - 56,6 млрд. теңге және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша - 86,0 млрд. теңге қаржы игерілмеген.   

«Есепті кезеңде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 347,9 млрд.теңге сомаға міндеттемелерді қабылдаған жоқ, одан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, шарттар жасасуды жүргізуді талап ететін  шығыстар бойынша 97,8 млрд. теңге сомаға  міндеттемелер қазынашылық органдарында тіркелмеген. Тұтас алғанда қаржы жылының аяғына дейін әкімшілер 906,5 млрд.теңге сомаға міндеттемелерді қабылдаулары, одан  120,4 млрд.теңге сомаға міндеттемелерді қазынашылық органдарында тіркеулері қажет», деді министр.

Соңғы жаңалықтар