Республикалық автожолдар бойында қардан қорғайтын 55 мың метр қалқан орнатылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта еліміздегі автотрассаларда 133 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Республикалық жолдарды қысқы маусымда күтіп ұстауға «Қазақавтожол» ЖШС кәсіпорны 1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырды. Көктайғаққа қарсы 122 мың текше метрден аса құм мен ұнтақ, 18 мың тоннаға жуық тұз және химиялық реагенттер дайындалды.

Сонымен қатар, қар құрсауы пайда болуы мүмкін жерлерде 55 мың метрден астам қардан қорғайтын қалқандар және 5 мыңға жуық уақытша жол белгілері орнатылуда.

Бүгінгі таңда республикалық жолдардың барлығы ашық. Оларды күтіп ұстау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Қар басатын барлық учаскелерде ауа-райының өзгеруіне байланысты және жол элементтерін ауыстыру үшін шұғыл әрекет ететін тәулік бойғы патрульдеу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сапарда қиын жағдайға тап болған жолаушылар үшін ел бойынша 133 жылыту бекеті жұмыс істейді.

Оқыс жағдайлар туындаған кезде жол қозғалысына қатысушылар 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы істейтін call-орталыққа хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар