Республикалық автожолдағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

None
None
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Республикалық маңызы бар автожолдағы көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Ақмола облысы аумағы бойынша қатты жел мен сырма қардың салдарынан және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты кеше кешке «Екатеринбург-Алматы» автожолының «Жақсы-СҚО шекарасы» учаскесінің 916-856 шақырымында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Қазіргі кезде «Қазақавтожол» РМК-ның арнайы техникалары аталған жол учаскелерінде қар тазалау жұмыстарын іске асыру үшін кезекшілікке шықты. Еліміз аумағындағы жолдардың жағдайынан хабардар ету үшін тәулік бойғы режимде диспетчерлік қызмет - (7172) 44-46-85 нөмірінде жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар