Республикалық аналар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсету қажет - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық аналар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсету қажет. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төртінші – Қазақстан халқы Ассамбелясын одан ары дамыту. Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары ауқымды этносаралық коммуникацияға жол ашуы керек. Республикалық аналар кеңесінің құрылуы осы бағыттағы маңызды қадам», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, кеңес еліміздегі бірлік пен татулыққа негіз болып отырған құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге атсалысады.

«Халқымызда «Отан - отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Ұрпаққа отбасында дұрыс тәрбие беру керек. Бұл айрықша маңызды міндет. Сондықтан Республикалық аналар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсету қажет»,- деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар