Республикадағы жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызға жетіп отыр - Г.Әбдіхалықова

None
None
АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Республикадағы жұмыссыздық деңгейі  6,5 пайызға жетіп отыр. Бұл жайында бүгін елордада өткен «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» атты 2-ші халықаралық форумның ашылуы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова айтты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары елімізге  шетелдік жұмыс күшін  тарту үрдісінің  өскені байқалған. Дегенмен ағымдағы жылы бұл квота қазақстандық қамтуға байланысты қысқартылған.

«Егер өткен жылдары біз жылына шамамен 120 мың шетелдік жұмыс күшін тартсақ, осы жылы квота бойынша 60 мыңға жуық адамды қабылдауға рұқсат етілген. Ал қазір елімізде іс жүзінде бар-жоғы 30 мың шетелдік жұмысшылар мен мамандар істейді», деді Г.Әбдіхалықова.

Оның айтуына қарағанда, бос жұмыс орындарын жергілікті кадрлармен ауыстыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. «Жол картасы» шеңберінде 6 мыңнан астам адам білімін жетілдірген. Сонымен қатар министрлік шетелдік қатысушысы бар ірі кәсіпорындардың өзінде жергілікті кадрларды оқытуға арнайы орталықтар ашу мақсатында келіссөздер жүргізуде.

Г.Әдіхалықова елімізде мұнай саласының жұмысшылары, дәрігерлер, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін алмастыратын кадрлар,  бірқатар құрылыс компанияларда және ірі өнеркәсіп ұйымдарында мамандар жетіспейтіндігін де атап өтті.

Соңғы жаңалықтар