+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Республикадағы өрттердің басым бөлігі ТЖМ бөлімшелері жоқ шалғай аумақтарда болады

2021 жылғы 5 мамыр 13:38
Бөлісіңіз:
Республикадағы өрттердің басым бөлігі ТЖМ бөлімшелері жоқ шалғай аумақтарда болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елді мекен аумақтарында құрғақ шөптердің өртенуі аса алаңдатады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте құрылыс материалдарын сататын бірнеше дүңгіршек өртеніп кетті Шығыс Қазақстанда 15 құтқарушы жер үйдегі өртті сөндірді Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 14 адам эвакуацияланды

«Елді мекен аумақтарында құрғақ шөптердің өртенуі алаңдатады, өйткені оның жалыны тұрғындардың аумағына өтіп кету қаупі бар. 2021 жылғы 26 сәуір мен 3 мамыр аралығында құрғақ шөптің өртенуі тұрғын үйлерге, жазғы сауықтыру лагерлерінің ғимараттарына, саяжай және шаруашылық құрылыстарына таралуының 4 жағдайы тіркелді», - дейді Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Оның айтуынша, биыл 1-2 мамырда Павлодар қаласында бау-бақша және саяжай аумақтарында құрғақ шөптің жануының 2 оқиғасы тіркелді.

«Нәтижесінде 5 саяжай толығымен жойылып, 7 саяжай жартылай зақымдалды. Биылғы жылғы 2 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Желяково ауылында құрғақ шөп өртеніп, кейін жалын жеке тұрғын үй секторындағы 6 үйге таралды, сол күні Қызылжар ауданындағы «Сосновый бор» балалар сауықтыру лагерінің аумағында құрғақ шөп өртеніп, кейіннен жалын демалушылар тұратын корпусқа өтті. 2 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданында құрғақ шөп өртеніп, жалын тұрғын үйге таралған, сондай-ақ өрттің салдарынан жеңіл автокөлік жанып кетті», - дейді ол.

Айта кету керек, орман және дала өрттерінің көп бөлігі 100 км-ден астам радиуста, ТЖМ бөлімшелері жоқ шалғай аумақтарда орын алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT