Республика сарайы маңын абаттандыру жұмысы 10 қазанда аяқталады

None
None
МАТЫ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы 1970 жылы салынған Республика сарайындағы қайта жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр.

Бұл жайлы кеше қала әкімі Ахметжан Есімовтің құрылыс жұмыстарының барысымен танысуы кезінде айтылды. Шаһар басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, А. Смағұлұлы мердігерлерден тендерлік міндеттемелерді мүлтіксіз орындауды талап етіп, барлық жұмыстар дер кезінде әрі сапалы атқарылуы тиіс екендігін ескерткен.

Әйгілі мәдениет нысанының қазіргі таңда қабырғалары мен іргетасының сейсмикалық беріктігі нығайтылып, ғимараттың ішкі құрылысы жүргізілуде. Қабырғаларды, баспалдақтарды граниттеу, қабырғалар мен төбелерді декоративті әрлеу, орындықтарды монтаждау жұмысы да талапқа сай жүруде, Нысанның айналасын абаттандыру жұмысы 10 қазанда аяқталады. Бүгінгі таңда қоршауларды, атриумдарды, металл конструкциялары мен жарық көздерін монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Көрермен залындағы жұмыстар 25 қарашада, ал сахнаның жоғары механикасы 28 қарашада аяқталып, пайдалануға берілмек.

В.Лениннің 100 жылдығы қарсаңында ашылған Республика сарайына кеңестік компартия көсемінің есімі берілді. Ал оның сәулетшілері - В. Алле, В. Ким, Ю. Ратушный, Н. Рипинский, А. Соколов, Л. Ухоботов және тағы басқалары 1971 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 40 жыл бойы бірде-бір рет күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген бұл нысан республикадағы ең үлкен сарай болатын. 3 мың көрерменге арналған мәдениет нысанында ең ірі республикалық конгрестер, конференциялар, салтанат кештері мен концерттер өтетін. Енді Тәуелсіздік мерекесі кезінде ол өз жұмысын қайта жалғастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар