Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазан айында Республика күніне байланысты қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы құжат «Ашық» НҚА сайтына шықты.

«Биыл «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына 25 қазанды – ұлттық мейрам Республика күні ретінде енгізу жоспарланған. Ол биыл сейсенбі күнге түсіп тұр. Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыға өзгеріс енгізу ұсынылды. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарлануда», - делінген құжатта.

Сонымен, қаулы жобасына сәйкес, қазақстандықтар қазанның 23-25 күндері демалады.

Еске салсақ, осы айдың басында Республика күні күнтізбеге қызыл дата болып енгізілетіні айтылды.

Ал 22 қыркүйекте Парламент Сенатының жалпы отырысында 25 қазанды Республика күні ұлттық мейрам ретінде белгілейтін заң қабылданған болатын.



Соңғы жаңалықтар