Республика күніне орай астанада шахматтан халықаралық турнир өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 қазан – Республика күніне орай астанада шахматтан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуде айтты.

«Өз тарапымнан біздің академияның атқарып жатқан жұмысы туралы мәлімет бере кеткім келеді. Бұл академия екі қалада бар. Бірі ел астанасында, екіншісі Атырау қаласында. Академияда 1500-ден астам бала оқып жатыр. Түрлі турнирлерді белсенді өткізіп келеміз. Тамыз айында Атырауда ірі халықаралық шахмат фестивалін өткіземіз. Ол жерде ересектер арасында, балалар арасында турнир өтіп, түрлі шеберлік сағаттары мен семинарлар ұйымдастырылады», - деген әйгілі шахматшы дәл осныдай турнирді Нұр-Сұлтан қаласында да өткізуге болатынын атап өтті.

«Қолдауыңыз үшін тағы да алғыс айтамыз. 25 қазан күні ел астанасында Республика күніне арналған дәл сондай турнир өткізсек деген үмітіміз бар», - деді Динара Сәдуақасова.

Еске салсақ, Ұлытауда өткен ұлттық құрылтайда Президент Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын.



Соңғы жаңалықтар