Республика күні: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірқатар қызметкерлері марапатталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «25 қазан – Республика күні» Ұлттық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Агенттік, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік қызметтің персоналын бақылау ұлттық орталығының басшылығы мен қызметкерлері, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері қатысты.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев өзінің құттықтау сөзінде Республика күнінің еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі екендігін атап өтті.

«Президент айтып өткендей Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символына айналуы қажет. Республика күні – тәуелсіздігіміздің жаршысы, оған жол ашқан тарихи оқиғаны айғақтаушы күн. Сондықтан да біз үшін бұл мереке егемен ел болып ірге қалауымыздың белгісіне айналған тарихи күнді, ұлттық рухымыздың қайта түлеген сәтін еске салатын ерекше сипатқа ие», - деді ол.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградаларымен Агенттіктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталды. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлерге МҚІА төрағасының алғыс хаттары мен грамоталары табысталды.

Ұлттық мереке қарсаңында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқына адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

Іс-шара аясында мерекеге шақырылған қызметкерлердің балалары үшін Агенттік бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында балалар ата-аналарының жұмыс орнымен танысты.


Соңғы жаңалықтар