Республика бойынша 8 023 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республика бойынша 8 023 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 8-бабы 1-тармағына сәйкес президент сайлауы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де басталды. Дауыс беру күнінде сайлау комиссиялары дауыс беру басталмастан 1 сағат бұрын учаскелерді ашуға кірісті. Сайлау комиссияларының төрағалары дауыс беру басталмастан 30 минут бұрын комиссия мүшелерінің қатысуымен дауыс беру жәшіктерінде бюллетеньдердің бар-жоғын, бүтіндігін тексереді және жәшіктерді дауыс беру үшін пломбалап, мөрлейді", - деді ол.

Оның атап өтуінше, сонымен қатар сайлау учаскелерінің төрағалары бюллетеньдерді берумен айналысатын комиссия мүшелерін айқындайды.

"Келіп түскен ақпараттарға сәйкес Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де 8 023 учаскеде дауыс беру басталды. Дауыс беруге кіріскен учаскелердің ішінде 48 сайлау учаскесі сәйкесінше аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен дауыс беруге сағат 06:00-ден бастап кірісті. Аталған учаскелерді сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың саны 9 627 073 адам", - деді К.Петров.

Төраға орынбасарының айтуынша, басқа сағат белдеуінде жатқан 5 өңірде дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытынан бір сағат кейін басталады. Олар: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстары.

Соңғы жаңалықтар