Республика бойынша 700-ден астам көпбалалы отбасы баспанаға қол жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда республика бойынша 714 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында өңірлерде көпбалалы отбасыларға тұрғын үй беру басталды.

«Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Парламент тұрғын үй қатынастары жөнінде заң қабылдады. Ағымдағы жылдың мамыр айында бүкіл ел бойынша 2019 жылы жоспарланған 6 мың отбасының 1,2 мың көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінде 714 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді» делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғын үй алу кезегінде 32 мың көпбалалы отбасы тұр. Көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы ерекше бақылауға алынған.

Соңғы жаңалықтар