Республика бойынша 18 мыңға жуық қылмыс ашылмаған күйі қалып отыр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Республика бойынша ашылмаған қылмыс саны 18 мыңға жуық болып отыр.

 Бүгін ҚР Парламенті Сенатында  ҚР азаматтарының заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер органдарының басты міндеті қылмыстарды ашу болып табылады. Бұл бағыттағы шаралар нәтижесін беріп, олар 67-70 пайызды құрады. Атап айтқанда, орын алған ауыр қылмыстардың 70 пайызы ашылса, аса ауыр қылмыстардың ашылуы 90 пайызды құрайды. Дегенмен де, жалпы республика бойынша ашылмаған қылмыс саны 18 мыңға тарта. Олардың арасында 98 - кісі өлтіру, 243 - қарақшылық шабуыл, 2,5 мың тонау мен 12 мыңға жуық ұрлықтар бар. Бұның ішінде ең өткір мәселе ұрлықпен күреске қатысты болып табылады», деді С. Баймағанбетов.

 Министрдің айтуынша, жыл сайын тіркелетін қылмыстардың жартысына жуығы ұрлыққа қатысты  болса, соның жартысынан астамы ашылмаған күйі қалады.

Соңғы жаңалықтар