Республика аумағында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республика аумағында «Жолдағы қабылдау» акциясы өткізеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі 21-22 мамыр күндері «Жолдағы қабылдау» кең ауқымды республикалық акция өткізеді. Еліміздің қалалары мен аудан орталықтарында полиция департаменттерінің, әкімшілік полицияның, жергілікті және көші-қон қызметтерінің басшылары көзде-көз жүздесу форматында, алдын алу жазылусыз онлайн қабылдаулар өткізеді», - деді ол Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, акция барысында «қауырт желілер», скайп-конференциялар, әлуметтік желілердегі полиция аккаунттарында, өңірлік БАҚ-тардың ақпараттық платформаларында хабарламалар арқылы консультациялар ұйымдастырылады.

«Жолдағы қабылдау» акциясы қарапайым азаматтар үшін проблемаларын бейресми жағдайда жедел шешуге жол ашады. Мұндай консультациялар азаматтарға полициямен тікелей жүздесуге, ал полицияға халықпен тиімді өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді», - деді ресми өкіл.


Соңғы жаңалықтар