Respublica партиясының басшылығына жастар жұмылдырылды - Сырымбек Тау

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Respublica партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау алдағы сайлауға ұсынылатын кадидаттар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Партия тең төрағаларының орташа жасы 35 шамасында. Мәжіліске партиялық тізім бойынша 25 кандидат, ал бір мандатты жүйе бойынша 5 адам бақ сынайды», - деді Сырымбек Тау.

Осы орайда ол партияға мүше ретінде көбіне жастар тартылғанын, олардың біразы кәсіпкерлік салада қызмет етіп жүргенін айтты.

«Мәжіліске біздің партия атынан кандидаттар енсе, олардың заң шығару саласындағы жұмыс істеуге сауаты жетеді деп ойлаймын. Жалпы, біздегі жігіттер мен қыздар өз жұмысында тәжірибе жинақтаған. Ары қарай Мәжіліске барған кезде біз өз үлесімізді қосамыз. Біздің көзқарасымыз жан-жақты болады», - деді партияның тең төрағасы.

Бүгінгі іс-шараға партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалар - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Республика партиясының 20 аймақтық филиалының өкілдері, белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар