Respublica-дан Мәжіліс мандатын иеленгендер мәлім болды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Respublica төрағасы Айдарбек Қожаназаров Мәжіліс депутаты мандатын иеленген партияластарының тізімін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін ОСК Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. Respublica партиясы 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болды.

Мәжілісте біздің партиямыздың атынан шығатын депутаттар - мен, партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары - Динара Шүкіжанова мен Руслан Берденов, сондай-ақ Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков», - деп жазды партия лидері әлеуметтік желідегі парақшасына.


Соңғы жаңалықтар