Ресеймен шекараны демаркациялау қашан аяқталады – СІМ жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко ресеймен арадағы шекараны демаркациялау процесі қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресей Федерациясымен арадағы шекараны демаркациялау процесі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қазіргі кезеңде бұл процесс қорытынды сатыда деп айтуға болады. Өз баяндамамда айтқанымдай, Қазақстанның Ресеймен шекарасының ұзындығы 7,5 мың шақырымнан астам», - деді ол Сенат отырысынан кейін.

Роман Василенко екі елдің арасындағы шекара әлемдегі ең ұзаққа созылып жатқан шекара екенін еске салды.

«Сондықтан елестете аласыздар деп ойлаймын. Жергілікті орындарда шекара сызығын анықтауда қиындықтар туындап жатады. Өйткені шекара сызығы күрделі рельефтің үстімен өтуі мүмкін. Мысалы, таулы жерде болуы мүмкін деген сияқты. Сондықтан Ресей Федерациясымен шекараны демаркациялау процесі үнемі, үдемелі жалғасып жатыр. Айталық, Өзбекстанмен арадағы шекараны шегендеу процесі де бірнеше жылға созылып келеді», - деді Роман Василенко.


Соңғы жаңалықтар