Ресеймен екіжақты кооперация нәтижесінде 30 мың жұмыс орны құрылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екіжақты кооперациялық байланыстардың арқасында 30 мың жұмыс орны құрылған. Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының XVIII жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар біздің елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі күшейтуге қажет айтарлықтай әлеует бар. Бізді ерекше қызықтыратын бағыттардың бірі – кооперациялық ынтымақтастық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент кооперациялық байланыстардың арқасында 110 бірлескен жоба іске асқанын атап өтті.

«Олардың жалпы құны 23 млрд доллардан асып, 30 мыңдай жұмыс орны құрылды. Бұл елдеріміздің өнеркәсіп кооперациясы үшін жақсы көрсеткіш», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының XVIII жалпы отырысына бейнеконференция форматында қатысты.


Соңғы жаңалықтар