Ресеймен байланысымыз кеңестік оқулықтарда жазылғаннан әлдеқайда терең – Дәурен Абаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алтын Орда – өткен тарихымыз ғана емес, ол ең алдымен, бүгініміз бен болашағымыз. Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев Ұлттық академиялық кітапханада өткен халықаралық конференцияда осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің көршілес Ресеймен екіжақты байланысымыздың тарихы кеңестік оқулықтарда жазылған кезеңнен гөрі тым терең екенін айтқым келеді. Ол, кемінде, XIII ғасырда Жошы Ұлысы атты империялық мемлекеттің аясында басталған», - деді ол «Ұлық Ұлыс - Алтын Орда: бастауы, тарихы және мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

Президент Әкімшілігінің өкілі Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттерге Алтын Орда өркениетінен қандай мұра қалғанына да тоқталды.

«Бірінші – орталықтан басқарылатын мемлекет. Ұлық Ұлыстың тарихи тәжірибесі осыны көрсеткендей, табиғаты қатал, аумағы үлкен Еуразия құрлығының кеңістігінде мықты «билік вертикалі» арқылы орталықтан басқарылатын мемлекет қана өсіп-өркендейді. Осы маңызды шарт Жошы Ұлысының «Алтын ғасырын» туғызды.

Екінші – меритократия. Алтын Орда мемлекеті мен қоғамының маңызды ерекшелігінің бірі – адамдарды элита қатарына жеке қасиетіне қарап қосты. Қарым-қабілетінің арқасында қарапайым жігіттен әуелі батыр, одан соң би, кейіннен Алтын Орданың беклербегіне айналған Едігенің ғұмыры осыған анық дәлел. Бүгінде мемлекетіміз меритократияның басты қағидасын жүзеге асырып жатыр. Онсыз қоғамның жаңғыруы мен дамуы мүмкін емес», - деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар