Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ресейліктердің көптеп келуі Қазақстанның еңбек нарығына қалай әсер етеді

2022 жылғы 26 мамыр 14:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейліктердің Қазақстанға келуі еңбек нарығына еш жүктеме түсірмейді. Бұл туралы Тамара Дүйсенова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Қазақстанға көптеген ресейліктер көшіп жатыр. Одан біздегі еңбек нарығына жүктеме түспей ме? Мұндай қауіп бар ма?», - деген сұрақ қойды тілшілер министрге Сенат кулуарында.

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова еш қауіп жоқ екенін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, бізде ЕАЭО жұмыс істеп жатыр, ешқандай рұқсат қажет емес. Ұзақ уақыттан бері біздің жұмыс күшіміз Ресейге барып, ол жақтан жұмысшылар осында келіп жүр. Сондықтан, қазір статистика бойынша келген адам саны айтарлықтай көп емес. Қазіргі уақытта біздегі еңбек нарығына жүктеме шеттен келгендерден емес, өзіміздің еңбекке қабілетті жастарымыздан түсіп отыр», - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Сонымен бірге, министр жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша отандық жастар басымдық берілетінін айтты.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, биыл 10 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан жеке сәйкестендіру нөмірін алған.


Автор:

Айжан Серікжанқызы

Новости по теме