Ресейліктер қай салада жұмыс істей алады – министрдің жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізге ағылған көрші елдердің азаматтары қай салаларда жұмыс істей алатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, айтарлықтай қысым бола қоймас. Өйткені, Қазақстан заңнамасына сәйкес, жұмыс орындары бірінші кезекте экономикамыз үшін құрылады. Әрине, шетелдіктердің белгілі бір деңгейде келуі болады. Ол барлық уақытта да болған. Қазақстандықтар арасында сұраныс болмағандықтан, гастербайтерлер келіп істейтін жұмыс орындары бар», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, аталған жұмыстарды өзге елдерден келетін азаматтар істей алады.

«Қазақстандықтар істегісі келмейтін маусымдық жұмыстар, мәселен, құрылыс жұмыстары да жеткілікті. Гастербайтерлер қай жерлерде жұмыс істейтінін білеміз және олар сол жерлерде істей алады. Әрине, бірінші кезекте біз Қазақстан азаматтарын жұмысқа орналастыруды ойлаймыз. Ал қалғанының бәрі екінші сатыдағы мәселелер», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар