Ресейлік журналист Кеосаянның Қазақстанға кіруіне тыйым салынуы мүмкін - ҚР СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тигран Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның телеграм каналына сілтеме жасап.

«Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлайтын, объектив емес сөздері назарымызды аударып отыр.

Мүмкін, оның мәлімдемесі Ресей қоғамы мен саяси истеблишменттің белгілі бір бөлігінің көзқарасын көрсететін шығар. Бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге мүлдем сәйкес келмейді.

Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынасымызға селкеу түсіреді және стратегиялық серіктестігімізге қарсыларға қолайлы болмақ.

Ол Қазақстанға келуі құпталмайтын адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын», - деді Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар