Ресейлік жұлдыздар Астанада жетім балалардың концертін тамашалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашық аспан астындағы Open Air концертінің алдында ресейлік әншілер «SOS. Балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне барып қайтты. Бұл жөнінде әнші Сергей Лазарев Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандағы Open Air қарсаңында, күндіз Елена Темниковамен @lenatemnikovaofficial  және Макс Барскихпен @max_barskih бірге жетім балаларға барып қайттық. Олар біз үшін керемет концерт ұйымдастырыпты. Бәрекелді! Барлық балалар махаббат пен сүйіспеншілікке бөленсе екен деймін! Балаларды қорғайық!», - деп жазды Сергей Лазарев.

Еске салайық, кеше, 29 мамыр күні Астанада 80 мың көрерменнің басын қосқан Open air шоу-концерті өтті. Ашық аспан астындағы «Ұлы дала бірлігі» концерті Астананың 20-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

«Қазақ елі» монументінің алдында 30-ға жуық отандық және ресейлік жұлдыздар ән шырқады. Қазақстандық жұлдыздар арасында Маржан Арапбаева, Қайрат Нұртас, Ринат Малцагов, Бейбіт Көшқалиев, Мөлдір Әуелбекова, Райм және Артур, «Ринго», «Музарт Life», «Ninety Оne» топтары, ресейлік әншілерден Дима Билан, Натан, Сергей Лазарев, Анна Седокова, Лена Темникова, Макс Барских, Анна Семенович, «Градусы» тобы және тағы басқалары бар. 

Соңғы жаңалықтар