Ресейлік жасөспірім 13 сағаттық сән көрсетілімінен кейін көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік жас модель Қытайда ұзаққа созылған сән көрсетілімінен кейін комаға түсіп, көз жұмды, деп жазады The Siberian Тimes.

Ресейдің Пермь қаласында туып өскен 14 жастағы Влада Дзюба Шанхай қаласына келісімшарт бойынша үш айға кеткен. 25 қазан күні жасөспірім қыздың дене қызуы көтеріліп, халі нашарлағаннан кейін ол комаға түсіп, 2 күннен кейін көз жұмған.
null 

null 

Мектеп оқушысы бұл сапарға ата-анасыз жалғыз кеткен. Оның үстіне Владаның Қытайға жасаған сапарында медициналық сақтандыру болмаған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ресейлік жас сәнгер менингиттен көз жұмған. Владаның анасы қызының Қытайдағы сапары кезінде қатты шаршағандығын айтты.
null 

«Ол маған қатты шаршағандын айтты. Оның ауырып жүргендігін естіп, оған емханаға бару туралы қайта-қайта айтып еді», - деді анасы.

Басылымның жазуынша, мектеп оқушысының трагедиялық өлімі сән индустриясына балаларды тарту қоғамдық проблемасын туғызып отыр.
null 
null 

null 

Соңғы жаңалықтар